Жаңа Бұқтырмада шолу дөңгелегі пайда болмақ
Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кенті ШҚО-ның жағажай туризмінің негізгі орталығы болып табылады. 2026 жылы демалушылардың ол жаққа ат басын бұруына қосымша себеп туындауы мүмкін.
Бірнеше жылдан бері өңірдің «жағажай астанасын» абаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді, соның аясында жаңа муниципалдық жағажай салынған болатын. Сонымен бірге бүгінде аудан басшылығы қыс кезінде судың бұрын орнатылған стационарлық нысандардан біраз шегініп кеткенін мәлімдеп отыр. Дегенмен Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейі үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан бұл жағдай айтарлықтай мәселе тудырмауы керек. Есесіне кентте баласы бар отбасылардың көңілінен шығатын түрлі нысандар салынып жатыр.
— Муниципалдық жағажайды күтіп ұстау бойынша кәсіпкермен меморандум жасалды, — деді ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов. — Қысқы кезеңнен кейінгі маусымдық жағажай жабдықтарын орнату аяқталды. Сондай-ақ жеке кәсіпкер шолу дөңгелегі мен аттракциондар паркін монтаждап жатыр. Ол жазғы маусымның ортасында іске қосылады деп күтілуде.

