Газета Мой Город

«Құқық кабинеті» – әрбір азаматқа арналған тегін құқықтық көмек

10 часов назад
0
«Құқық кабинеті» – әрбір азаматқа арналған тегін құқықтық көмек

Өскемен қаласы әкімдігінің ғимаратында (Пермитина көшесі, 17, ХҚКО ішінде) «Құқық кабинеті» жұмыс істейді. Мұнда әрбір азамат қажетті құқықтық ақпарат пен тегін заңгерлік көмекті ала алады.

Кабинет 2023 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР Әділет министрінің №899 бұйрығымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық ағарту жұмыстарының іс-шаралар жоспары аясында ашылған.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 08:00–17:30.

Кабинетте:

  • компьютер, принтер, телефон және веб-камера;
  • «Әділет» және «Заң» құқықтық дерекқорларына қолжетімділік;
  • e-otinish, eGov, «Ашық НҚА» және өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.

Мұнда сіз:

  • қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныса аласыз
  • онлайн өтініштер жолдай аласыз
  • қажетті құқықтық ақпаратты ыңғайлы форматта ала аласыз