Газета Мой Город

Өскемендегі демалыс орындарында креативке арналған жаңа алаңдар пайда болуы мүмкін

10 часов назад
0
Өскемендегі демалыс орындарында креативке арналған жаңа алаңдар пайда болуы мүмкін

Қала жаңадан құрылған қоғамдық кеңістіктерді одан әрі абаттандыру мәселесінде тоқтап қалмақ емес.

Келесі жылы бюджет қаражатын облыс орталығындағы ауқымды өзгерістермен қатар басқа да дүниелерге жұмсау жоспарланып отыр. Қалалық мәслихат сессиясында аз қаражат жұмсай отырып, «игі істерді» көбірек жасау ұсынылды.

Халық қалаулылары мен қала басшылығы мұны қалай түсінетінін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Шәкіров түсіндірді:

— Бір кездері паркте симфониялық оркестр ойнағаны есіңізде ме? Көп қаражат жұмсалмаса да, бұл қала өміріндегі жағымды сәттердің бірі болған еді. Жаздың әр үш айындағы төрт демалыс күнін алсақ — бұл ашық аспан астындағы он екі шағын жазғы концерт. Жазда қалада қалатындар үшін Өскеменнің түрлі аймақтарында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен камералық бағдарламалар дайындауға болады. Түрлі тақырыпта ұйымдастырылатын, сондай-ақ міндетті түрде адамдардың көңіл-күйін көтеретін болуы керек.

Бұл идеяны жүзеге асыру үшін Қашаубаев, Потанин көшелерінің маңында, Қазақстан көшесінің бойында және т.б. жерлерде соңғы жылдары жабдықталған демалыс орындарында камералық сахналарды салу жоспарлануда. Сонымен қатар мұнда жергілікті суретшілердің көрмелерін және басқа да іс-шараларды өткізу көзделіп отыр.

Оның үстіне келер жылы қалада тағы бір кинотеатр бой көтеруі әбден мүмкін. Бұл жолы – ашық аспан астында.

— Осы ұсыныстардың барлығы келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілмек, — деді қалалық мәслихат депутаты Анжела Горностаева. — Бұл шығыстар оған енгізілетін болады.