Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталды
Тәуелсіздік күніне орай денсаулық сақтау ісіне айрықша еңбегі үшін бірқатар медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.
«Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:
- Тоқтамыс Зейнелғабиұлы Мұхатов – Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығының» рентгенолог дәрігері;
- Бәтигүл Бекенқызы Сарбасова – «Амбулаториялық орталық» мекемесінің жалпы тәжірибе дәрігері.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталғандар:
- Ардақ Серікжанқызы Жұмажанова – ШҚО облыстық ауруханасының ультрадыбыстық диагностика дәрігері;
- Наталья Робертовна Журавлева – ШҚО облыстық мамандандырылған медициналық орталығының трансфузиология бөлімшесінің меңгерушісі;
- Гүлбақыт Айтқазықызы Ахметова – Өскемен қаласының №2 қалалық емханасының бас мейіргері;
- Гүлнәр Қабдулақызы Нұрпейісова – ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы эпидемиология бөлімінің дәрігер-эпидемиологы;
- Татьяна Владимировна Сергеева – ШҚО оңалту орталығының кардиолог дәрігері;
- Қанат Қабдоллақызы Қалиева – ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығының» дәрігер-статисті.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталғандар:
- Қуатжан Мұратұлы Әбішов – ШҚО облыстық ауруханасының бас дәрігерінің медицина жөніндегі орынбасары;
- Әлия Арқабекқызы Қадырбаева – ШҚО облыстық мамандандырылған медициналық орталығы гинекология бөлімшесінің меңгерушісі;
- Рысалды Қасымқызы Андағұлова – Өскемен қаласының №2 қалалық емханасының учаскелік мейіргері;
- Салтанат Сәбетқызы Байдолдина – «Ана мен бала орталығының» анестезиолог-реаниматолог дәрігері;
- Людмила Викторовна Ребенкова – ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығының» анестезиолог-реаниматолог дәрігері;
- Надира Сләмханқызы Сләмханова – облыстың штаттан тыс бас репродуктологы;
- Ардақ Қуанышбекқызы Төленгутова – ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы;
- Жұлдыз Өміртайқызы Абулова – облыстың штаттан тыс бас неонатологы;
- Гүл Мадиқызы Құсаинова – облыстың штаттан тыс бас педиатры.

