ШҚО-да тегі Құрылтай әке мен бала сайлауда дауыс берді
Шығыс Қазақстан облысында Құрылтай сайлауына тұрғындардың белсенділігі жоғары. Дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасағандардың қатарында тегі Құрылтай әке мен бала да бар.
Әке мен бала сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық таңдауын жасады. Олар үшін бұл – ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз пікірін білдірудің мүмкіндігі.
Қызығы, Құрылтай – олардың тегі. Жалпы, елімізде тегі Құрылтай 10 азамат бар. Оның төртеуі Шығыс Қазақстан облысында тұрады.
Сайлаушылардың айтуынша, әр азаматтың өз таңдауын жасап, қоғамдық-саяси үдеріске белсенді араласуы маңызды. Бүгінгі сайлауда өңір тұрғындары да өз таңдауларын білдіріп, дауыс беруге белсенді қатысуда.

