Газета Мой Город

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

15 часов назад
0
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Шығыс Қазақстан облысының энергетик ардагерлер кеңесінің атынан 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының аяқталуына байланысты шын жүректен алғысымыз бен  құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Жыл өткен сайын энергетиктер жұмысының маңызы артып келеді. Сіздер мыңдаған адамның үйін тек жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп қана қоймай, қазіргі заманның күрделі жағдайында сенімділік, тұрақтылық пен жайлылық сыйлап келесіздер.

Сіздердің кәсібиліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қала тұрғындары үшін қыс мезгілі тыныш әрі сенімді өтті. Осы еңбектеріңіз үшін сіздерге басымызды иіп, алғыс айтамыз!

Аға буын қалаған дәстүрді лайықты жалғастырып келе жатқан жас энергетиктерге ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Біз, сала ардагерлері,бүкіл өмірімізді арнаған іске зор жауапкершілікпен қарайтындарыңызды мақтанышпен бақылап отырамыз.

Өскемен ЖЭО әрқашан сенімділіктің, күш-жігердің және бірліктің символы болып қала береді.

Артта қауырт кезекшіліктер, табандылық пен үйлесімді жұмысты талап еткен аязды күндер мен түндер қалды.

Алда ауқымды жөндеу науқаны, жаңа міндеттер мен келесі маусымға дайындық жұмыстары күтіп тұр.

Сонымен қатар, Өскемен жылу электр орталығының энергетиктері алдында жаңа қазандық агрегаты мен турбоагрегатты орнату арқылы қуаттылықты кеңейту бойынша үлкен жоба тұр. Бұл қарқынды дамып келе жатқан қаламыз үшін өте қажет. Өскемен ЖЭО қуаттылығын жаңарту – бұл қала экономикасының дамуы мен мыңдаған отбасының үйіндегі жайлылықтың кепілі.

Барлық міндеттерді әдеттегідей абыроймен орындайтындарыңызға сенімдімін.

Әріптестер, әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға жылулық пен алдағы істеріңізге сәттілік тілеймін! Қаламыздың игілігі жолындағы еңбектеріңіз қуаныш сыйлап, бойларыңыздағы қуат-болашақ жеңістерге жігер берсін.

«ШҚО энергетика ардагерлері» ҚБ төрағасы Амангелді Қайсанович  Нұрғалиев

 

Уважаемые коллеги и жители города Усть-Каменогорска!

От имени Совета ветеранов энергетиков Восточно-Казахстанской области примите искренние слова благодарности и поздравления по случаю завершения отопительного сезона 2025 – 2026!

С каждым годом растёт значимость работы энергетиков - вы не просто обеспечиваете теплом и светом дома тысяч людей, вы даёте уверенность, стабильность и комфорт в непростых условиях современного мира.

Благодаря вашему профессионализму, ответственности и самоотдаче зима для наших горожан прошла спокойно и надёжно. И за это вам низкий поклон!

Особые слова признательности хочу выразить молодому поколению энергетиков, которое достойно продолжает традиции, заложенные старшими. Мы, ветераны отрасли, с гордостью наблюдаем, как вы бережно относитесь к делу, которому мы посвятили жизнь.

Усть-Каменогорская ТЭЦ была и остаётся символом надёжности, силы и командного духа.

Позади напряжённые дежурства, морозные дни и ночи, когда требовалось действовать чётко и слаженно.

Впереди - масштабная ремонтная кампания, новые задачи и подготовка к следующему сезону.

Кроме того, энергетикам Усть-Каменогорской теплоэлектроцентрали предстоит большой проект по расширению с установкой новых котлоагрегата и турбоагрегата. Для нашего растущего города это – необходимость. Обновление мощностей УК ТЭЦ – это развитие экономики города и комфорт в домах тысяч семей.

Уверен, вы справитесь со всеми задачами достойно, как всегда.

Коллеги, желаю каждому из вас крепкого здоровья, семейного тепла и дальнейших успехов! Пусть труд на благо нашего города приносит удовлетворение, а ваша энергия - вдохновение для будущих побед.

Председатель ОО "Ветераны энергетики ВКО" Амангельды Кайсанович Нургалиев