Газета Мой Город

Нұрымбет Сақтағанов: Күршім ауданының балық шаруашылығы – тек Шығыс Қазақстанның емес, бүкіл ел экономикасының қозғаушы күші

7 часов назад
0
Нұрымбет Сақтағанов: Күршім ауданының балық шаруашылығы – тек Шығыс Қазақстанның емес, бүкіл ел экономикасының қозғаушы күші

Халықпен кездесуден кейін облыс әкімі №4 Күршім орта мектебінде болды. Білім ордасы жазғы демалыстан кейін балаларды қабылдауға дайын: ішінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан соң өңір басшысы «Қазпоштаның» қазандығын көріп, ауладағы кемшіліктерге назар аударды. Облыс басшысы ауданның жетекші балық шаруашылығы нысандарына барды.

Айта кету керек, Күршім ауданы – балықты тек Қазақстанға ғана емес, өзге мемлекеттерге де ірі көлемде жеткізетін өңір. «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» жыл сайын су айдындарына ақ амур, сазан, бақтақ сияқты балық түрлерін жібереді. Әкім сондай-ақ балық өңдеу саласында көш бастап тұрған «Төре Тоғам» ЖШС-іне барды. Кәсіпорынға шикізат негізінен Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасынан жеткізіледі.

«Ауданның балық шаруашылығы еліміздің экономикасының шынайы драйвері», – деп атап өтті Н. Сақтағанов.

«Төре Тоғам» ЖШС – Шығыс Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Мұндағы цех тәулігіне 10 тоннаға дейін балық өңдейді. Кездесу соңында облыс басшысы түрлі салалардағы кооперация мәселелерін талқылады.