Газета Мой Город

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар

14 ноября 2025, 15:46
0
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар

Шығыс Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ішкі сауда саласындағы заң талаптарын сақтау, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бағасына қатысты, қажеттігін еске салады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар дегеніміз күнделікті сұранысқа ие, тұрғындар бірінші кезекте тұтынатын азық-түліктер. Олардың халыққа қолжетімді болуы, бағасы мемлекет тарапынан бақыланады.

ӘМБТ тізімі:

  • Бірінші сортты бидай ұны
  • Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны 
  • Күнбағыс майы
  • Рожки өнімдері (өлшенетін)
  • Сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі сүйегімен)
  • Тауық еті (жамбас және жіліншік сүйектерімен ет бөлігі)
  • Қарақұмық жармасы (өлшенетін)
  • Тазартылған күріш (өлшенетін)
  • Қант (ақ қант ұнтағы)
  • Тауық жұмыртқасы (бірінші санат)
  • Сәбіз
  • Пияз
  • Картоп 
  • Орамжапырақ
  • Сары май (тұзсыз, майлылығы кемінде 72,5%, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)
  • Айран (майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада)
  • Сүт (пастерленген, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада)
  • Сүзбе (майлылығы 5-9%)
  • Тұз (ас тұзы, «экстрадан» басқа).

Заңнамаға сәйкес, сатушы әлеуметтік азық-түлік түрлеріне  баға белгілеген кезде, өзі сатып алған бағасына 15%-дан артық үстеме баға қоюға тыйым салынған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4 бабына сәйкес, әлеуметтік азық-түлікке 15 пайыздан артық сауда үстемесін қосқаны үшін:

  • жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 5 айлық есеп көрсеткіші (АЕК) (19 660 теңге);
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 35 АЕК (137 620 теңге);
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 150 АЕК (589 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Жыл ішінде, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бұл әрекет қайталанса:

  • жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 10 АЕК (39 320 теңге);
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 70 АЕК (275 240 теңге);
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 300 АЕК (1 179 600 теңге) айыппұл салынады. 

Ағымдағы жылдың басынан бері Департаментпен 155 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркелді, оның ішінде 77-сі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан асатын үстеме баға қойғаны үшін. Тексеру іс-шараларының нәтижесінде: 50 — «ескерту» түрінде хаттама толтырылса, 27 кәсіпкерге жалпы сомасы 285 070 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Егерде әлеуметтік азық-түлік бағасының қымбат екендігін көрсеңіз, оның аз уақытта жоғарылап кеткенін байқасаңыз, саудагер бағаны аса көтеріп қойды деп есептесеңіз, Департаментке шағым түсіруге құқылысыз.

Департаменттің байланыс телефондары; 8 (7232) 26-72-07, 61-41-21. Сонымен қатар Е-Өтініш порталы арқылы, сондай-ақ Өскемен қаласы, 30 Гвардиялық дивизия көшесі, 22 мекенжайына келіп жүгіне аласыз. Немесе өзіңіз тұрған жердегі жергілікті әкімдікке өтініш қалдыра аласыз.