Газета Мой Город

Биыл Марқакөл ауданында 16 жаңа үй салынады

7 часов назад
0
Биыл Марқакөл ауданында 16 жаңа үй салынады

Ал алдағы екі жылда 123 ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданының халқымен кездесу өткізді.

Облыс басшысы ауданның 2029 жылға дейінгі даму жоспарын таныстырды. Мәселен, мемлекеттік бюджеттен 52 миллиард теңгеден астам қаржы, ал жекеменшік инвестиция көлемі 15,5 миллиард теңгеден асады.

«Марқакөл ауданы халқының 82,4 пайызы интернетке қол жеткізе алады. Цифрлық инфрақұрылымды кеңейту бағдарламасы аясында биыл наурыз айында Шеңгелді және Игілік ауылдарына мобильді интернет желісі тартылды», — деді облыс әкімі.

Ашық диалог форматында Нұрымбет Сақтағанов ауыз сумен қамту саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Бүгінде Марқакөл ауданындағы барлық 23 елді мекен 100% таза ауыз сумен қамтылған. Қазір екі жоба жүзеге асырылуда — Марқакөл ауылында 300 млн теңгеге су құбыры желілерінің құрылысы және Боран ауылында 200 млн теңгеге су құбырына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөндеуді аудан әкімі қазан айының басына дейін аяқтауы тиіс. Марқакөл тұрғындары облыс әкімінен жұмысқа орналастыру, үй жануарларын вакцинациялау, жастарды тәрбиелеудің жаңа тәсілдері туралы сұрады