Газета Мой Город

Қазіргі таңдағы жасанды интеллект: Қоғам үшін ЖИ пайда немесе зиян тигізе ме?

13 часов назад
0
Қазіргі таңдағы жасанды интеллект: Қоғам үшін ЖИ пайда немесе зиян тигізе ме?

Бүгінгі уақытта жасанды интеллект қоғам үшін заманауи және жаңа деңгейдегі инновациялық жолдың айқын көрінісі. Қазір әрбір адам ЖИ-ті онлайн-көмекші ретінде қолданысқа алады.

Жасанды интеллект - цифрлық технологиялар тоғысында қалыптасқан, интеллектуалды функцияларға ие компьютерлік жүйе. Ол кез-келген ақпараттты тез қабылдап, берілген талапты дәл орындайды, жаңа идеялар ұсынады. Сонымен қатар, ол білім, медицина, шығармашылық салаларда және тұрмыстық өмірдеде қолданылып, көмекші рөлінде зор үлес қосады.

Екінші жағынан, ЖИ адамзат үшін көп пайда әкеліп, өмір сапасын жеңілдетседе, ЖИ-тің өзектілігі жас ұрпаққа зиян туғызатыны сөзсіз. Бұл бірінші уақытта адамдардың ЖИ-ке тәуелділігін арттырып, қоршаған ортамен байланысты үзүге, адамдардың өздігінен ойлау қабілетін жоғалтуға қауіп төңдіреді. Жас келешекті ЖИ толығымен алмастыруы мүмкін.

Жасанды интеллекттің теріс ықпалы

ЖИ бүгінде ерекше қолданысқа ие. Адамдар ЖИ-ні көмекші құрал ретінде емес, орнын басушы ретінде пайдаланады. Яғни, адам ізденіс пен ойлау қабілеттерінен айырылып, дайын жауапты қолдануға құмар болады. 

Жасанды интеллектің адамға тигізер зардаптары:

  • Ойлау қабілетінің төмендеуі;
  • Оқуға деген жауапкершіліктің азаюы;
  • Тәуелділіктің қалыптасуы;
  • Жастардың білім алу жолының тежелуі.

Бұл мәселе, әсіресе, жас келешектерде,  мектеп оқушыларда жиі таралған. Дайын жауапқа сүйену баланың, ең алдымен, жеке белсенділігін, өздігінен талдау, зерттеу, шешімге келу, сыни ойлау сияқты қабілеттерің жоғалтуға кепіл болады. Оксфорд Журналдары өткізген зерттеуге сүйенсек, Ұлыбританияда 13-18 жас аралығындағы 2000 оқушының 80%-ы мектеп тапсырмаларын орындауда жасанды интеллектті қолданатынын айтады. Солардың 62%-ы ЖИ-тің білім алу қабілетіне және дағдыларға теріс әсер ететінін мойындайды. “Жасанды интелектің ең үлкен қаупі - адамның ойлау қабілетін әлсіретуі.” - деп ғалым Стивен Хокинг ой білдірген еді.

ЖИ жастардың білім алу жолына ғана кері әсер тигізе көрмей, сонымен бірге тәуелділікті қалыптастырады. Жас келешек заманауи технологияларға тез бейімделетіндіктен, ЖИ-ді шамадан тыс қолдану олардың уақытты тиімсіз өткізуіне, үйрену, тәжірибе жасау, түсіну сияқты пайдалы дағдылардаң алыстатады.

Жасанды интеллекті қалай пайдалану қоғам үшін тиімді? 

ЖИ әсерінен пайда болған мәселелердің барлығы тек жасанды интеллектің өзінен емес, оны дұрыс емес, тиімсіз қолдануынаң туындайды. ЖИ - адамзатқа берілген үлкен мүмкіндік екенін есте сақтау қажет, алайда оны шектен тыс қолдану қоғамға кері әсер етуі ықтимал. “Болашақта жасанды интеллекті кім дұрыс пайдаланса, сол адамзатқа үлкен артықшылық әкеледі” - деп әйгілі кәсіпкер Илон Маск сөз айтқан еді. Сондықтан, заманауи технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін шектемей, адамдар қолданысын шектеуіміз қажет. “Жастар - біздің ертеңіміз” - деп айта келе, жас ұрпақ білім мен еңбекке бағытталуы қажет. ЖИ бізді алмастыра алмайды, ол тек әлем жаһандануының жаңа деңгейі болып табылады.

Аяужан Құрметқызы