Газета Мой Город

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

7 часов назад
0

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды.

Жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит.

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындарына арналған.

Қаржыландыру шарттары:

  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;
  • кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін (60 ай);
  • жеке кәсіпкерлер үшін микрокредит сомасы – 10 812 500 теңгеге дейін;
  • ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микрокредит сомасы – 34 600 000 теңгеге дейін.

Қаржыландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • қызмет көрсету саласы;
  • өндіріс;
  • қоғамдық тамақтандыру;
  • жөндеу шеберханалары;
  • тұрмыстық қызмет көрсету;
  • туризм;
  • ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлері.

Бағдарламаға қатысу және кеңес алу үшін төмендегі мекемелерге жүгініңіз:

  • аудан және қала әкімдіктеріне – тұрғылықты жеріңіз бойынша;
  • Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1).
  • «Атамекен МҚҰ» ЖШС (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27).
  • «Ертіс» ӘКК (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1).
  • «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ
  • (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27).