Тарихта алғаш рет: Өскеменнің екі кәсіпорны бірден «Алтын Сапа» жеңімпазы атанды
Шығыс Қазақстан облысы республикалық деңгейде тарихи нәтиже көрсетті — алғаш рет өңірдің екі кәсіпорны бірден «Алтын Сапа» беделді сыйлығының жеңімпазы атанды.
Бұл жетістік өңірде өндірілетін өнімнің жоғары бәсекеге қабілеттілігін, тұрақты дамуы мен сапасының айқын дәлелі болды.
ВКО атынан «Алтын Сапа» байқауының жеңімпаздары:
- «Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын» номинациясы – «Эмиль» ЖШС
- «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын» номинациясы – «Силумин-Восток» ЖШС
«Бұл екі жеңіс — кәсіпорын ұжымдарының жүйелі еңбегінің, заманауи басқару технологияларын енгізудің, сапаны қатаң бақылаудың және бизнесті қолдау институттарымен тығыз өзара іс-қимылдың нәтижесі», — деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мәмірбаев.
«Кәсіби маман» байқауы: ең жас үздік тәлімгер — ШҚО-дан «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша құрметті 2-орынды «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазандық цехының қазандық жабдықтары бойынша аға машинисі Токушев Ернұр Болатұлы иеленді.
Ол осы деңгейдегі марапатқа ие болған ең жас тәлімгер атанып, сонымен қатар кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және саланың кадрлық әлеуетін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Іске адалдығы үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ өңір өкілдері мына номинациялар бойынша да марапатталды:
- «Адал азамат» – «Бұқтырма уылдырық өсіру және көбейту шаруашылығы» ЖШС
- «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» – «ПТК «IZOTERM» ЖШС
- «Парыз» – «VOSCO» ЖШС
- «Еңбек қауіпсіздігі саласындағы үздік кәсіпорын» – «Қамысинское» ШҚ
- «Экологияға қосқан үлесі үшін» / «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» – «Өскемен ЖЭО» ЖШС
Шығыс Қазақстан облысы еліміздің экономикасындағы өз позициясын нығайтып қана қоймай, өндіріс пен экспорттан бастап экологиялық жауапкершілік пен адам капиталының дамуына дейінгі негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

